IPHO туралы
12-12-2013 00:50

Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) – жоғары сынып оқушыларына арналған физикадан жыл сайын өткізілетін жарыс. IPHO барлық ғылым мен техникадағы, және жастарды жалпы білім алуға дайындауда физиканың артып келе жатқан мәнін мойындау ретінде, сондай-ақ физика саласындағы мектеп білімі мәселелері бойынша халықаралық қатынастарды дамыту мақсатында 1967 жылдан бері өткізіліп келеді. Қосымша ақпарат алу үшін, мына сайтқа кіруіңізді өтінеміз: http://ipho.phy.ntnu.edu.tw

1. IPhO қысқаша тарихы

Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) – бұл орта мектеп оқушыларына арналған физикадан халықаралық жарыстар. Алғашқы мұндай жарыс Варшавада (Польша) 1967 жылы профессор Чеслав Шчисловскимен ұйымдастырылған болатын. Содан бері Халықаралық физика олимпиада жыл сайын түрлі елдерде кейбір ерекшеліктерімен өткізіліп тұрады, ол ерекшеліктер туралы сәл кейінірек.

Халықаралық физика олимпиадасын ұйымдастыру мүмкіндігі 1967 жылға дейін ұсынылды. Халықаралық физика олимпиадасы 1959 жылдан бері ұйымдастырылып, жұмыс істеп келе жатқан Халықаралық математика олимпиадасы сияқты жыл сайынғы іс-шара болуы тиіс екендігі анық еді. Халықаралық математика олимпиадаларын өткізу жетістігі, сондай-ақ оларды ұйымдастырудағы оң тәжірибе физиканы зерттеумен айналысатын және түрлі елдерден келген үздік оқушылардың білімін салыстыруға мүдделі физиктерді мұндай жарыс өткізуге итермеледі. Үш профессор: Польшадан Чеслав Щчисловскидің, Чехословакиядан Ростислав Костялдың және Венгриядан Рудольф Кунфалвидің қажырлы еңбегі мен қайсарлығын атап өткен абзал. Олардың әрқайсысы өз елінде алғашқы Халықаралық физика олимпиадасын ұйымдастырудың әртүрлі мүмкіндіктерін  зерттеді. Польша мұндай іс-шара үшін ең үздік шарттар мен аса қолайлы атмосфера ұсынды деп тұжырымдалды. Осының және профессор Чеслав Щчисловскидің өзінің қосқан зор үлесінің арқасында физикадан алғашқы Халықаралық жарыс 1967 жылы Варшавада өтті.

Халықаралық математика олимпиадасы мен Халықаралық физика олимпиадасы арасында сөзсіз айырмашылық бар екендігін атап өткен жөн. Халықаралық физика олимпиадасында қатысушылар теориялық есептерді ғана емес, сондай-ақ тәжірибелік есептерді де шығарады. Бұл факт физикадан жарыс ұйымдастырудың құны мен күрделілігін арттырады.

Алғашқы IPhO өткізгенге дейін бірнеше ай бұрын шақыру қағаздары Орталық Еуропаның барлық елдеріне жолданды. Шақыруды Болгария, Чехословакия, Венгрия және Румыния (жарысты ұйымдастырушы Польшаны қоса алғанда, бес ел) қабылдады. Әр команда бір жетекшісі ілесіп жүретін үш жоғары сынып оқушысынан құралды. Жарыс поляктардың физикадан олимпиадасының қорытынды кезеңімен бірлесіп өткізілді: бір күн теориялық есептерді шешуге және бір күн тәжірибелерді орындауға арналды. Бір айқын айырмашылығы, қатысушылар өз жұмыстарының бағаларын күтуге тура келетін. Күту кезінде ұйымдастырушылар ұшақта Краков пен Гданьск қалаларына ұшақпен екі экскурсия ұйымдастырды. Алғашқы IPhO оқушылар төрт теориялық есеп пен бір тәжірибелік есеп шығаруы тиіс болатын.

Екінші Олимпиаданы Будапешт, Венгрияда профессор Рудольф Кунфалви 1968 жылы ұйымдастырды. Бұл жарысқа сегіс елден оқушылар қатысты – қатысушы елдер қатарына Германия Демократиялық Республикасы, Кеңес Одағы және Югославия қосылды. Тағы да елдердің атынан үш жоғары сынып оқушысы және бір жетекшіден құралған командалар қатысты. Екінші IPhO өткізілгенге дейінгі бірнеше уақыт ішінде Жарғы мен бағдарламаның алдын ала нұсқалары әзірленді. Кейін жарысқа қатысқан командалардың жетекшілерінен құралған Халықаралық комитет осы құжаттарды ресми түрде қабылдады.Бұл екінші IPhO өткізілгеннен кейін бірнеше айдан соң Чехословакияда Брно қаласында ұйымдастырылған арнайы кездесу барысында орын алды. Кейіннен енгізілген әртүрлі өзгерістерге қарамастан, алғашқы Жарғының барлық негізгі ережелері бүгінгі күнге дейін күшін жойған жоқ.

Үшінші IPhO 1969 жылы Чехословакияда, Брно қаласында профессор Ростислав Костял ұйымдастырды. Бұл жағдайда әр команда бес оқушыдан және екі жетекшіден құралды. Брнодағы жарыстар бұған дейін қабылданған ресми Жарғыға сәйкес ұйымдастырылды.

Келесі Олимпиада 1970 жылы Мәскеу қаласында, КСРО өткізілді. Әр елдің атынан алты оқушы және екі жетекші қатысты. Осы Олимпиада кезінде Жарғыға бірнеше шағын өзгерістер енгізілді.

1971 жылы Болгарияда, София қаласында өткен бесінші IPhO бастап әр команда бес оқушыдан және екі жетекшіден құралатын болды.

Алтыншы IPhO 1972 жылы Румынияда, Бухарест қаласында өтті. Бұл аса маңызды оқиға болды, себебі қатысушылар арасында алғаш рет еуропалық емес ел (Куба) және батыс елдерінің бірі (Франция) қатысқан болатын. Осы Олимпиадада Халықаралық комитет Жарғыға бірқатар өзгерістер енгізуді шешті (алайда, өзгерістер туралы жазбаша ұсыныс болған жоқ).

Өкінішке орай, 1973 жылы Олимпиада болған жоқ, себебі қатысушы елдер саны өткен Олимпиадалардың көрсеткішінен артқанына қарамастан, бірде-бір ел оны ұйымдастыруға дайын емес еді. Сол кезде Халықаралық физика олимпиадасы өмір сүруін тоқтатқандай болған еді, Польша халықаралық жарысты қайта жандандыру бастамасын көтеріп, 1974 жылы (екінші рет) Варшавада жетінші IPhOұйымдастырды. Бұл жағдайда жарысқа қатысуға алғаш рет Германия Федеративтік Республикасы шақырылды. Бұл факт символдық мәнге ие болғандығы айдан-анық.

Жарыс басталар алдында, Ұйымдастыру комитеті Жарғы мәтініне өзгерістер енгізуді ұсынып, олар Бухарестте қабылданды. Жарғының жаңа нұсқасы бекіту немесе түсініктемелерін ұсыну үшін жарысқа шақырылған барлық елдерге жолданды. Ұйымдастыру комитеті ұсынған тұжырымдама қабылданды (бір ғана адам қарсы дауыс берді). Аса маңызды өзгерістер мыналар:

а) теориялық есептер саны төрттен үшке қысқартылды

б) жұмыс тілдерінің саны(бұған дейін орыс, ағылшын, неміс және француз) екеуге дейін қысқартылып, ағылшын және орыс тілі қалды

в) екі емтихан тапсыру күндерінің арасында бір күн демалыс болуы тиіс

г) бағалау критерийлері осы жарыста алған ең көп ұпай санын есепке ала отырып пайызбен көрсетілуі тиіс (бұған дейін бағалау ауқымы жоғары теориялық ықтимал баллға қатысты айқындалатын).

1975, 1976 және 1977 жылдары Халықаралық физика олимпиадалары, сәйкесінше алғаш рет Германия Демократиялық Республикасында, екінші рет Венгрияда және үшінші рет Чехословакияда өткізілді.

1977 жылы көктемде Моңғолияда, Улан-Батор қаласында социалистік елдердің білім министрлерінің Конференциясы өтті. Конференция социалистік елдер әрбір екі жыл сайын химиядан, математика және физикадан Халықаралық олимпиадалар өткізіп отырады деген қаулы шығарды. Кейбіреулер бұл шешімді Шығыс пен Батыс оқушыларының арасындағы байланысты қысқартуға бағытталған саяси тәсіл деп қабылдады. Бұл аспектінің елемей қоюға болмайды, алайда бұл шешім қатысушы елдердің санын және ұйымдастыру шығындарын ұлғайтудың нәтижесі болғаны айдан-анық. Шынайы себептеріне қарамастан, жоғарыда аталған шешімді жұртшылықтың көбі басқа елдерді халықаралық ғылыми олимпиадаларды өткізу жауапкершілігін  өз мойнына алуға жанама шақыру ретінде түсінілді. Бұл 1978 жылы және 1980 жылы бірде-бір олимпиаданың өткізілмегендігін түсіндіреді; бірде-бір социалистік емес ел алдын ала, қажетті дайындықсыз жарысты ұйымдастыруға дайын болмады. Социалистік емес елмен ұйымдастырылған  алғашқы IphO, доктор Гюнтер Линдтің аса тиімді жұмысының арқасында 1982 жылы ГФР, Малента қаласында өткен XIII IPhO болды. Ол кезде қатысушылар алғаш рет, Халықаралық комитетпен келісе отырып, бұған дейін белгіленген бір тәжірибелік есептің орнына екі есеп шығару туралы шешім қабылдады.

1983 жылы IPhO Румынияда, бухарест қаласында екінші рет өткізілді. Ұйымдастырушылардың оқушылар үшін дайындаған есептер саны Жарғыда көрсетілген есептер санынан біршама артты, және Халықаралық комитет Жарғы мен Бағдарламаны, сондай-ақ олимпиадасын болашағын талқылауға көп уақытын жұмсады.

Халықаралық физика олимпиадасының болашағына қатысты Бухаресте бір ғана аса маңызды шешім қабылданды. Кейінгі жарыс 1984 жылы Швецияда өткізіледі деп шешті. Өкінішке орай, 1985, 1986 және1987 жылдары олимпиаданы ұйымдастыруға ниет білдіргендер табылмады.Сол кезде д-р Гюнтер Линдтің (ГФР) ұсынысы бойынша, Халықаралық Комитет Халықаралық физика олимпиадасының жұмысын үйлестіру және олимпиаданы жұртшылыққа таныту мақсатында тұрақты Хатшылық (бір адамнан құралған: доктор Вальдемаар Горшковски) құруды шешті. Сонымен қатар Хатшылық кезекті олимпиаданы 1984 жылы Швецияда, Сигтун қаласында ұйымдастырған профессор Ларс Сильвербергпен (Швеция) бірлесіп Жарғының жаңа нұсқасын дайындауы тиіс болатын.

Жарғыны өзгерту жобасы аяқталып, жаңа Жарғы тоғызыншы IPhO қабылданды. Шын мәнісінде ескі және жаңа нұсқалары бір-бірінен шамалы ерекшеленеді. Аса маңызды ерекшелігі, жаңа нұсқасында екі адамнан тұратын (соңғы уақытта қолданылып жүрген терминологияда: Президент және Хатшы: доктор Вальдемар Горшковски және д-р Анджей Котлицки) Халықаралық физика олимпиадасы Хатшылығының болуын заңдастыру болып табылады. Тағы бір өзгеріс жарыстың тәжірибелік бөлімінде қатысушыларға бір немесе екі тәжірибелік есеп берілетін еді, бұған дейін тек бір есеп шығарылатын. Жаңа нұсқа ескісінен, ең алдымен, тұжырымдамасымен ерекшеленді деуге болады. Жаңа нұсқасы аса нақты болды.

Әрбір қатысушы елден екі адамнан құралған жетекшілер делегациясы, Халықаралық физика олимпиадасының жоғары органы болып табылатын Халықаралық комитетті құрды. Халықаралық комитет жыл өткен сайын айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Мүшелердің көпшілігі бір-бірін өте жақсы біледі. Халықаралық комитетте өте жарасымды, достық атмосфера қалыптасқан. Мұндай қарым-қатынас пен ізгі ниеттілік арқасында, көптеген күрделі проблемалар көп күш салмай өздігінен шешілуде. Сол себептен Хатшылыққа, мысалы, 1985, 1986 және 1987 жылдары халықаралық физика олимпиадаларын ұйымдастыру проблемасын шешуіне мүмкіндік туды. 1985 жылы Халықаралық физика олимпиадасы Порторож қаласында (Югославия), 1986 жылы -  Лондон, Харроу қалаларында (Ұлыбритания), ал 1987 жылы - Йенде (ГДР) өткізілді.

Бұл жерде аса тоқтала кететініміз, Құрама Корольдік жарысқа қосылғаннан кейін небәрі екі жылдан соң Лондонда, Харроуда XVII IPhO ұйымдастырған! Бұл доктор Сирил Айзенбергтің, доктор ГайБагноллдыңжәнеУильям Джарвис мырзаның қажырлы еңбегі мен зор ынтасының арқасында мүмкін болды.

Хатшылықтың және 1985 жылғы жарысты ұйымдастырушылардың (проф. Антон Молжик жәнед-р Боян Голли)және 1986 жылғы жарысты ұйымдастырушылардың (д-р ГайБагнолл жәнед-р Сирил Айзенберг) күш-жігерінің арқасында бағдарламаның жаңа нұсқасыжасалды. Оның теориялық бөлімі Порторож қаласында 1985 жылы қабылданды және алғаш рет 1986 жылы Лондон-Харроуда қолданылды. Кейіннен, Халықаралық комитеттің ұсынысы бойынша, Секретариат бағдарламаның бағандық нұсқасы деп аталатын жаңа нұсқасын дайындады. Бұл нұсқа физикалық мазмұнының кеңдігін ғана емес, сондай-ақ қажетті тәсілдің тереңдігін де көрсетеді. Халықаралық физика олимпиадасының бағдарламасы, шын мәнісінде, өте заманауи. Дегенмен, Халықаралық комитет Жарғы мен бағдарламаға жақсартулар енгізуге әрқашан дайын, және оны керегінше жүзеге асырады.

Жарыстар жыл сайын жүйелі түрде өткізіледі – қатысушы елдер мен ұйымдастырушы елдердің тізімі 1 және 2-кестелерде көрсетілген.

Доктор Родни Джоридің (Австралия) ұсынысы бойынша 1996 жылы Халықаралық комитет Президенттің жанында шақырылатын Консультативтік комитет құруды шешеді. Қазіргі кезде Консультативтіккомитет «олимпиада жұмыстарында» тәжірибесі мол 14 адамнан тұрады.

Жыл сайын Жарғыға енгізілген кейбір өзгерістер қабылданып отырады. Әдетте бұл азғана өзгерістер. Алайда кейде бұл өзгерістер маңызды болып келеді. Соңғы мұндай өзгеріс 1999 жылы жасалды. Жарғы екі бөлімге бөлінді; Жарғының өзі және Ереже. «Жарғы» деп аталатын бөліміне өзгерістерді қабылдау үшін дауыс беру кезінде білікті көпшілік дауыс қажет, ал «Ереже» деп аталатын бөлімге өзгерістер енгізу үшін жай көпшілік дауыс жеткілікті. Осылайша, «Олимпиада Заңдарының» аса маңызды тармақтары маңыздылығы аз тармақтардан бөлініп алынды. Жарғыны бөлу процесі 1984 жылдан бергі ең маңызды өзгеріс болды, және аса мұқияттылықпен жүзеге асырылды. Доктор Родни Джори (Австралия) 1997 жылы ұсынған бөлу идеясын, 1997/8 алдын ала талқылаудан кейін (негізінен электронды почта арқылы) 1998 жылы Халықаралық комитет Исландияда, Рейкьявик қаласында қабылдады. Сол кезде төрт адамнан тұратын кіші комиссия құрылды:  Д-р Гюнтер Линд , д-р Сирил Айзенберг, д-р Видар Агюстсон жәнед-р Вальдемар Горшковски.Кіші комиссия, көбінесе д-р Гюнтер Линдтің еңбегінің арқасында, бөлінген Жарғының нұсқасы жасалды, кейіннен ол Варшавада 1999 жылы Консультативтік комитеттің арнайы отырысында талқыланды. Осыдан кейін Консультативтік комитет бекіткен нұсқасын Халықаралық комитет Италияда, Падуйде өткен отызыншыIPhO қабылдады.

Жарғының, Ереженің, бағдарламаның және Олимпиаданың басқа да құжаттарының соңғы нұсқаларын Финляндияда оқшауланған және проф. Майя Ати қолдаған олимпиаданың басты бетінен жүктеп алуға болады: http://www.jyu.fi/ipho.

Біз Хатшылықтың мүшелерінің жеке күш-жігеріне ғана емес, сондай-ақ Халықаралық комитет мүшелерінің көмегіне негізделген оның тиімді жұмысына назар аудартқымыз келеді. Д-р Гюнтер Линдтің (ГФР), проф. Хельмут Майрдың (Австрия), проф. Ларс Сильверберг (Швеция), проф. Ларас Гизлен (Швеция), Никол Вельчевтің (Болгария), д-р Ханс Йорденс (Нидерланды), д-р Дуайт Нойнчвандер (АҚШ), және т.б. еңбектерін айтпай кетуге болмайды.

2. Жарыстың құрылымы

Жарыс екі күнге созылады. Бір күні теориялық есептер (орта мектепте оқытылатын физиканың кемінде төрт бөлімін қамтитын үш есеп) шығаруға арналған. Екінші күні тәжірибелік есептерді (бір немесе екі есеп) шығаруға арналған. Бұл екі күн арасында кем дегенде бір демалыс күні болуы тиіс.Екі жағдайда да есептер шығаруға бөлінген уақыт бес сағатты құрайды. Әркоманда жалпы білім беретін немесе техникалық орта мектептердің (колледждер немесе университеттер емес) оқушыларынан құралады. Әдетте әр команда бес оқушы мен екі басшыдан тұрады. Соңғылары Халықаралық комитетке кіреді. Жарыстың сипаттамасын қайталау орынсыз, себебі бұл ақпаратты Халықаралық физика олимпиадасының Жарғысынан табуға болады.

Біз бірнеше маңызды ерекшеліктерді атап өткіміз келеді:

 

1.

 

Оқушыларға есептер олардың ана тілінде беріледі, оқушылар есептерді өз ана тілінде шығарады; IPhO – бұл шет тілдерінен емес, физика пәнінен халықаралық олимпиада.

 

2.

 

 

Ұйымдастырушылар беретін баллдар делегация басшылары берген баллдармен салыстырылады, сондай-ақ ұйымдастырушылар мен делегация басшыларымен келісімге келгенге дейін талқыланады. Осылайша бағалау әділдігі қамтамасыз етіледі.

 

3.

Ұзақ уақыт бойы жеңімпаздар мынадай ережелерге сәйкес санаттарға бөлінді:

Ең үздік үш қатысушының жинаған баллдарының орташа мәні 100% деп есептеледі.

Жоғарыда аталған орташа мәннен 90% астамын алған конкурсанттар бірінші орындарға ие болады. 78%-90% алған конкурсанттар екінші орындар алады. 65%-78% алған конкурсанттар үшінші орындарға ие болады. 50%-65% жинаған конкурсанттар қатысқаны үшін алғыс деп аталатын мақтау грамоталарымен марапатталады. Қалған барлық қатысушылар қатысқандығы туралы сертификаттар алады. Ең көп балл алған қатысушы (Абсолютті Жеңімпаз) қосымша сыйлық алады.

Сондай-ақ кейбір арнайы сыйлықтар тағайындалуы мүмкін.

Біз әрбір санаттағы сыйлықтар мұнымен шектелмейтіндігін атап өткіміз келеді. Сондықтан баллдар өзгерген кезде, мысалы, делегация басшылары мен бағалаушылар арасындағы пікірталастан кейін, соның нәтижесінде қатысушыларды бірі, мысалы, екінші орын алған жүлдегерлер тобы бірінші орын алған жүлдегерлер тобына «жылжытылады», басқа кез келген қатысушылардың санаты өзгермейді. Осылайша, әртүрлі елдердің атынан келген делегация басшылары бір-бірімен бәсекелеспейді. Бұл аса маңызды сәт болып табылады.

Өкінішке орай, аталған марапаттау жүйесі әртүрлі санаттағы сыйлықтар санындағы едәуір ерекшеліктерге әкелді. Ұйымдастырушылардың жұмысын жеңілдету және сыйлықтардың саналы мөлшерін қамтамасыз ету үшін сыйлықтармен марапаттау жүйесі өзгертілді. Бұл Жарғыда сипатталған (Олимпиаданың басты бетінен қараңыз).

Сіз мынадай сұрақ қоюыңыз мүмкін: ал командалық есеп ше? Жауабы да өте қарапайым: мұндай есептеу жоқ. IPhO тек жеке бірінші орынға ғана жарысуды білдіреді. Командалық нәтижелер жоқ. Дегенмен, кейбір адамдар белгілі бір бейресми командалық есеп белгілеуге тырысады. Олардың кейбіреуі команда нәтижесі үшін тікелей баллдар жиынтығын қабылдайды. Кейбірі әрбір командадағы ең үздік үш қатысушының баллдар жиынтығын қабылдайды. Ал кейбіреуі әр команда үшін әрбір есеп бойынша жеке-жеке ең үздік үш нәтижесі және т.с.с. қабылдайды. Әрине, нәтижелердің қорытынды кестесі команда нәтижелерін есептеу тәсіліне байланысты болады, және, команданы үздіктердің үздігі ретінде көрсететін команда нәтижелерін есептеудің әдеттен тыс жүйесін табуы да ықтимал. Командалық есептің болмауы аса маңызды. Біз ұлттар арасында бақталастықты дәріптеп отырған жоқпыз.

Жарысты ұйымдастырудың қаржылық принциптері:

 

*

команданы жіберіп отырған ел оқушылар мен оларға еріп жүретін адамдардың жолақысының (жарыс өтетін жерге дейін және кері қайту) құнын төлейді;

 

*

 

келген кезден бастап кеткен кезеңге дейінгі барлық шығындарды ұйымдастырушы ел көтереді. Атап айтқанда, бұл олимпиада өтетін жердегі жол жүрумен, тұрумен, экскурсиялармен, наградалармен және т.б. байланысты шығындар.

Жақында Халықаралық Комитет қатысу үшін белгілі ақыны енгізуге бағытталған әртүрлі ұсыныстарды қарады. Әртүрлі елдердің әртүрлі қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, 1997 жылы ерікті төлемақы енгізілді. Алайда, болашақта ерікті ақы төлеу міндетті төлемге айналатынға ұқсайды.

Алайда қатысушы елдердің саны ұдайы өсіп келеді – 1-кестені қараңыз. 2006 жылы 82 ел өз командаларын Сингапурге 37-ші IPhO жіберді. Жылдан-жылға Олимпиадаға жаңа елдер қосылуда, ал олимпиаданы ұйымдастыру одан сайын қымбаттай түсуде. Оның үстіне, барлық студенттер тәжірибелік есептерді бірдей шарттармен орындауы үшін олимпиаданың тәжірибелік бөлімін ұйымдастыру одан сайын қиындауда.

Бізде мынадай сұрақтар туындайды: елдердің ең көп саны қанша болмақ? Қатысушы елдердің саны қандай да бір өзгеріссіз (жарыстың құрылымын сақтаған жағдайда) қашанға дейін арта бермек? «Олимпиадалық ауыл» құру туралы ойлау қажет пе»?

Қазіргі уақытқа дейін ұйымдастырушыларға қатысушылардың санын арттыруға байланысты барлық ұйымдастыру мәселелерін шешу әрдайым мүмкін болып келді. Бірнеше уақыт бұрын осы олимпиадаға қатысатын елдердің ең көп саны алпыстан аспайды деп ойлап келген болатынмын. Әйтсе де Кеңес Одағының ыдырауы, Югославияның ыдырауы және т.б. белгілі бір саяси процестер орын алды. Соның нәтижесінде көптеген жаңа мемлекеттер құрылды. Олардың көпшілігі IPhO қатысуға мүдделі. IPhO шындығында қатысушы мүдделі елдер саны сексен немесе тоқсаннан аспағаны жөн сияқты. Сексен ел, әр елден бес студенттен, бәрін қосқанда тәжірибе жүргізу үшін 400 баған қажет. Бұл өте көп. Кейбір елдер, алайда, барабар тәжірибелік бағандармен қамтамасыз етуге жағдайы бар. Бас елдер тәжірибелік бөлімді екі топқа бөліп өткізуді ұйымдастыра алады.

Мұндай санға, яғни 90-ға жеткізу мүмкін бе? Теориялық тұрғыда, әрине болады. Алайда практикалық тұрғыда, мүмкін емес. Жол жүру шығындары (және, болашақта енгізілуі мүмкін, қатысу үшін төлемақы) қатысушылар санын шектеуі мүмкін. Көптеген елдер қаржылық себептермен жыл сайын өз командаларын жіберуге жағдайы келмейді. Қатысушы елдер саны, ұйымдастырушы елдің орналасқан жеріне байланысты, сексеннен аспауы ықтимал. Бұл жағдайда «Олимпиада ауылын» құру қажет емес.

IPhO ұйымдастыру одан сайын күрделене түсуде. Қиындықтар алуан түрлі болуы мүмкін. Мен барлық қиындықтарға тоқталмай-ақ қояйын. Алайда бір ғана жай мысал келтіргім келеді: тілдер жайында. Шығарылған есептерді(әртүрлі тілдерде жазылған) бағалауды Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады, ол дұрыс аударылуына жауапты. Ағылшын, неміс, француз немесе испан тілі сияқты бірқатар елдер сөйлейтін тілдер үшін аса қиындықтар туындамайды. Сондай-ақ диаспорасы көп ұлдттар немесе елдер үшін (мысалы, Польша) қиындықтар жоқ. Алайда тілдік азшылық (мысалы, фин, исланд тілі және т.б.) жағдайында ұйымдастырушылар кейде үлкен проблемаларға кезігіп жатады.Бақытқа орай, бағалау процесінде жіберілген барлық ықтимал қателіктер, кейде көп уақыт алғанымен, делегация басшыларының отырыстарында түзетілуі мүмкін. Дегенмен, тілдер проблемасы өте күрделі болып отыр, және Жарғыға бірқатар өзгерістер қажет болуы ықтимал.

Ұйымдастырушылардың (қаржылық және техникалық) шектеулі мүмкіндіктерімен және қатысушылардың шектеулі мүмкіндіктерімен (жол жүру шығындары, болашақта қатысу үшін ақы төлеу мүмкіндігі) байланысты жоғарыда аталған факторлар контексінде аймақтық физика олимпиадаларын өткізу идеясын қарастырудың маңызы бар. Бұл идея жаңалық емес. Бірнеше уақыт бұрын Балқан физика олимпиадасы құрылған болатын. Ол Еуропадағы балқан елдері аталатын елдер үшін өткізіледі. Маған белгілісі мұндай үш олимпиада өткізілді. 1992 жылы алғашқы Иберо-американдық физика олимпиадасы (Колумбияда) өткізілген болатын. Бұл физика олимпиадасы испан немесе португал тілдерінде сөйлейтін елдерге арналған. Өкінішке қарай, белгілі бір себептермен (жеткіліксіз деңгейдегі халықаралық ынтымақтастық, белгілі бір қаржылық және ұйымдастыру проблемалары) мұндай екінші Олимпиада тек 1997 жылы (Мексикада) өткізілді. Парсы шығанағындағы соғысқа дейін Парсы шығанағы елдерінің (Парсы шығанағында орналасқан араб елдері үшін) Физика олимпиадасы ұйымдастырылған болатын. Маған белгілісі, осы күнге дейін мұндай төрт олимпиада өткізілген.

Бертін келе Азия өңірі олимпиадалық қозғалыста зор белсенділік танытып келеді. 2000 жылы 1-ші Азия физика олимпиадасы (APhO) ұйымдастырылды. Содан бері ол жыл сайын өткізіліп келеді. Оның ғылыми деңгейі мен ұйымдастырушылық деңгейі өте жоғары. APhO пайда болуы Азия елдерінің халықаралық физика олимпиадаларындағы нәтижелеріне айтарлықтай әсер етеді.

3. Олимпиадада есептердің күрделілік дәрежесі

Алдыңғы бірнеше Халықаралық физика олимпиадаларының конкурстық есептері шамадан тыс күрделі болған жоқ. Олар мектептегі күрделі есептерге ұқсайтын. Кейін есептер күрделене түсті. Олимпиада есептерінің күрделілігін анықтау оңай емес. Маған бұл проблеманың екі тәсілі мәлім.

Олардың біріншісін Г. С. Тарасюк [1] анықтаған. Ол есептің күрделілік коэффициентін сан, ең көп ықтимал баллдың қатысушылар жинаған орташа баллға пропорционалдық қатынасы ретінде анықтады. Осыған ұқсас тәсілмен ол Олимпиаданың жалпы қиындық дәрежесін анықтады. Оның статистикасы алғашқы он жарысқа негізделді. Тарасюк енгізген коэффициент, жеткілікті түрде лайықты болса керек. Алайда, ол соңғы олимпиадаларға қолданылуы мүмкін, себебі Халықаралық комитет бірде бір сыйлық немесе мақтау грамотасын алмаған қатысушылардың нәтижелері жарияланбауы тиіс деген қаулы шығарды. Сондықтан да қатысушылардың жинаған орташа баллы беймәлім.

Екінші тәсілі Барбара жәнеРудольф Гау [2] негізделген. Олар талаптар деңгейі деп аталатын шара сапасы ретінде бір А параметрін анықтады. Бұл параметрді анықтау оны осы жерде атап өтуге аса қиын. Дегенмен, А параметрі уақыт бойынша өзгеретінін көрсету өте қызықты – 1-суретте жиырма бірінші Халықаралық физика олимпиадасы үшін А тәуелдігі көрсетілген. 1986-1989 жж. аралығындағы қарқынды өсуге назар аударыңыз (өкінішке орай, алдағы жарыстар үшін А зерттеуін ешкім өткізген жоқ).

Requirement level A (vertical axis) vs. no. of the Olympiad (horizontal axis).

1-сурет. A талаптарының деңгейі (тігінен ось) – Олимпиада нөмірі (көлденең ось).

Олимпиаданың «күрделілігін» өлшеудің кез келген тәсілі шамамен алынған сипатта екендігін түсінген жөн. Өлшеудің ең дұрыс тәсілі мынадай «параметрлерді» есепке алуы тиіс: есептің тұжырымдамасы, есеп мәтінінің ұзақтығы(кейбір есептер тым ұзақ), есепті әртүрлі тәсілдермен шешу мүмкіндігі, есепті шығарудың шығармашылық жолы, есеппен тексерілетін білім ауқымы және т.с.с. Осы «параметрлердің» әрқайсысы жалпы айқындалмаған. Оның үстіне, олардың әрқайсысының күрделілік деңгейі бар, ол да айқындалмаған.

4. Әртүрлі елдердің жарыстарына қатысу тиімділігі

Біз бұған дейін атап өткендей, ресми командалық есеп жоқ – Олимпиада Жарғысында командалық нәтижелер қарастырылмаған. Дегенмен, Халықаралық физика олимпиадасына қатысатын көптеген елдер, бірнеше жыл қатарынан өз командаларының жетістікке жетуіне мүдделі. Кейде мұндай көрсеткіш әртүрлі жұмыс түрлерінің тиімділігін бағалау үшін қажет. Әрине, қатысудың «тиімділігін» сипаттайтын әртүрлі параметрлерді енгізуге болады. Дұрыс көрсеткіш есептің күрделілігін, бағалау сапасын, аударма сапасын және т.с.с. есепке алуы тиіс. Жалпы бұл өте қиын жұмыс. Дәл осы себептен де біз төмендегі 3-кестеде белгіленген параметрді пайдалануды ұсынамыз [4, 5]. Кестеде осы уақытқа дейін өткізілген отыз жеті халықаралық физика олимпиадасының  статистикалық деректері қамтылған (4 және 5-кестелерді қараңыз). Әрине, конкурсқа көп қатыса бермейтін елдерге бұл параметр сәйкес келмейді.

5. Олимпиадада алған нәтижелердің түсіндірмесі мен рөлі

Олимпиада нәтижелері әр елде әртүрлі қаралады. Кейбір елдерде, жекелеген кезеңдерде, олар өз алдына ұлттың ұлы жетістігі ретінде  қарастырылып келді: қатысушылар жарыс басталғанға дейін арнайы және өте  қарқынды дайындықтан өтеді, ал кейін жеңімпаздар үлкен артықшылықтарға ие болады. Алайда, бұл тәсіл әдеттегіден тыс болса керек. Көптеген елдер олимпиаданы өз кезегінде, физика саласындағы білімнің жай-күйін өлшейтін өлшеу құралы ретінде қабылдайды.Әрине, бір жетістік немесе сәтсіздік ешбір ерекше мәнге ие емес. Бұл тербеліс болуы мүмкін. Алайда бірнеше жыл ішінде жетістіктерге немесе жетістіктердің болмауына байыппен қараған жөн. Осы себептен де жарыстардың нәтижелері егжей-тегжей талданады.Бұл олимпиада есептеріне, бағдарламаға және т.б. қатысты. Аталған талдау нәтижесінде кейбір елдер жаңа тәсілдер (мысалы, термодинамикада), жаңа тақырыптар (мысалы салыстырмалық теориясы, кванталық физика) енгізу есебінен немесе тым дәстүрлі сипаттағы кейбір бөліктерін (мысалы, геометриялық оптика) қысқарту есебінен өздерінің физикадан ұлттық оқу бағдарламаларын жақсартып алды. Мұндай өзгерістер жарыс жеңімпаздары кестелеріне қатысты қосымша халықаралық физика олимпиадасының қосымша нәтижесін білдіреді. Әрине, ұзақ мерзімді шкалада бұл нәтиже жеңімпаздардың атына қарағанда аса маңызды болып табылады, себебі физика саласындағы білімдегі өзгерістер барлық оқушыларға әсер етеді.

Халықаралық физика олимпиаданың өміршеңдігі белгілі бір халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылатындығы анық. Халықаралық комитет мүшелерінің арасындағы халықаралық ынтымақтастық аса маңызды болып табылады. Ынтымақтастықтың бұл түрі басынан бастап, яғни алғашқы IPhO кезеңінен бастап  өмір сүріп келеді. Халықаралық комитеттің мүшелері осындай тұрақты қарым-қатынас бойынша немесе почта арқылы тұрақты байланыстың арқасында физикадан есептермен, кітаптармен, журналдармен, мақалалармен алмасады, олар физикадан ұлттық жарыстарды ұйымдастыру кезінде жинаған өз тәжірибесін талқылайды, сондай-ақ Халықаралық физика олимпиаданың арқасында кейбір елдер ұлттық физика олимпиадаларын немесе, ең болмаса, халықаралық жарысқа қатысу үшін командаларды іріктеу мақсатында аса ірі емес жарыстар ұйымдастырды.

IPhO барлық қатысушы елдер қатысушылар үшін арнайы дайындықты қамтамасыз етеді. Әрине, аса қарқынды оқу нәтижелердің түрленуіне әкеп соғуы мүмкін. (Ұзақ әрі қарқынды дайындықтан кейін тіпті пілдің өзі сүйрекі тартушының ырқына билеп кетеді, алайда бұның пілдің табиғи қабілеттеріне ешбір қатысы жоқ, сондықтан піл бұған аса қуанышты бола алмайды!). Қосымша қарқынды оқыту салдарынан нәтижелер оқушының шынайы қабілеттерін көрсете алмайды. Сондай-ақ олар физика саласындағы білімнің шынайы жай-күйін сипаттай алмайды. Алайда, көптеген елдер проблеманы оңтайлы жолмен шешеді. Әртүрлі елдегі дайындалу кезеңдері және т.б. 6-кестеде берілген.

6. Қорытынды ескертпелер

Халықаралық физика олимпиадасының әсері ұдайы өсуде. Халықаралық физика олимпиадасының рөлін ЮНЕСКО және EPS (Еуропа физикалық қоғамы) сияқты халықаралық ұйымдар мойындап отыр.

ЮНЕСКО-мен алғашқы байланыстар сонау 1968 жылы қалыптасты, алайда аса тығыз ынтымақтастық 1984 жылы қалыптасты. 1984-1991жж. аралығында ЮНЕСКО-ның қаржылай қолдауымен олимпиада материалдары жарияланды. Материалдар ЮНЕСКО барлық қатысушы елдері арасында таратылды. Бұл бізге жайлы мәліметтер таратуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, ЮНЕСКО физика олимпиадалары туралы көптеген тілдерде бірнеше кітаптар басып шығарды.

ЮНЕСКО-ның көмегі, әсіресе насихаттау жұмысындағы көмегі өте құнды болды. Өкінішке орай, ЮНЕСКОның жарысты ұйымдастыруға қосқан қаржылай үлесі айтарлықтай бола қойған жоқ.

ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың мақсаттары Халықаралық физика олимпиадасының мақсаттарымен сәйкес келе бермейтіндігін (көбінесе олар ортақ болғанымен) түсінген жөн. Мысалы, қатысушы елдердің санын амалсыз көбейту өте күрделі ұйымдастыру проблемаларына әкелуі мүмкін. Соңғы олимпиадалардың ұйымдастырушылары техникалық және қаржылық сипаттағы қиындықтармен бетпе-бет келуде. Ұйымдастырушылардың жұмысын оңайлату үшін 1997 жылы қатысушылар енгізетін ерікті ақы төлеу енгізілді. Бұл ақы ұйымдастыру шығындарының бір бөлігін өтейді және ықтимал демеушілерден ақша жинау үшін жақсы бастама болып табылады. Үздіксіз ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында, Халықаралық физика олимпиадасына қатысушылар санын көбейту бақылауға алынуы тиіс. ӘйтпесеIPhOұйымдастыру келмеске кетуі мүмкін.

ЮНЕСКО сияқты EPS бізге аса күшті моральдық қолдау көрсетуде, сондай-ақ EPSмүше елдері арасында лайықты мәліметтер таратуды және біздің жетістіктерімізді насихаттауды қамтамасыз етеді. EPS өзі бізді «Халықаралық физика олимпиада үшін командаларды іріктеу процедуралары» деген атпен буклет әзірлеуге және басып шығаруға жігерлендірді [3]. Буклет әртүрлі делегациялардың баяндамаларының топтамасынан тұрады және жарысқа қатысқысы келетін елдер үшін аса маңызды және пайдалы болып табылады. Буклетті Хатшылық профессор Ларс Сильвербергпен бірлесіп әзірледі және оны жеке тәртіппен Лунд (Швеция) қаласында жариялады. 1989 жылы EPS өзін жарыстың теориялық және тәжірибелік бөлімдерінде өте жақсы көрсете білген олимпиада жеңімпазы үшін арнайы сыйлық бекітті. Бұл сыйлық 1998 жылға дейін беріліп келді.

Сілтемелер

[1] Галина Сергеевная ТарасюкИсследование международных олимпиад по физике как средства развития способностей учащихся, Рукопись лекции в Варне во время XIIIPhO(распространенной среди руководителей делегаций)

[2] Барбара ГауРудольф ГауОб изменениях в структуре и уровне требований теоретических задач IPhO, Международная физическая олимпиада -. Сборник I” (под ред. В. Горшковски), Научное издательство WorldScientific, Сингапур 1990г., стр. 53 - 71.

[3] Вальдемар ГоршковскиАнджей КотлицкиЛарс СильвербергПроцедуры отбора команд для Международной Физической олимпиады, изд. Л.Сильвербергом, Лунд 1986г.

[4] Международная физическая олимпиада- сборник I, под ред. Вальдемара Горшковски, издательство WorldScientific, Сингапур 1990г., стр. 126 – 127

[5] Вальдемар ГоршковскиОб эффективности участия в международной физической олимпиаде, соревнованиях по физике3/1 (2001г.), стр. 33 – 36

Астана Павлодар

Астана - новое имя новой столицы Казахстана. Прежнее же название города - Акмола (ранее Акмолинск).

Есть несколько версий происхождения этого названия. Первая гласит, что город Акмола был назван в честь холма из известняка белого цвета. Вторая версия принадлежит византийскому автору Прокопиусу. Он писал в своих трудах, что гунны называли «мола» высокий холм или крепость. И третий вариант: Акмола всегда была главным центром ярмарок рогатого скота, известной изобилием и разнообразием мясомолочных продуктов (кумыс, айран, курт, шубат и т.д.). Следовательно, название города переводится как «белое святое место» или «белое изобилие».

В Казахской Советской энциклопедии написано, что «Акмола – это сооружение из белого камня, над четырехугольными стенами которого воздвигнут купол, напоминающий верхнюю часть юрты или половинку шара. Сверкающий на солнце купол был виден издалека, что и придавало особую красоту берегам реки Есиль». Поэтому название Акмола и стало названием этого края.

Cтепи Акмолы издревле были местом, где встречались различные культуры и цивилизации. В середине первого тысячелетия до н.э историк Геродот упоминал маршрут через Большую Степь (позже Великий Шелковый Путь), который пролегал именно здесь. Караванные пути способствовали расцвету торговли и кустарного промысла в городах, традиционно занятых животноводством и сельским хозяйством.

Жаңалықтар
06
The closing ceremony of the 45th International Physics Olympiad, Astana, Kazakhstan
06
The opening ceremony of the 45th International Physics Olympiad, Astana, Kazakhstan
Шілде
21
IPHO-2014: ҚАЗАҚСТАН - МЕМЛЕКЕТТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ОНДЫҚТА
20
IPHO2014 күнделігі
20
8-ші күн / Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі
20
7-ші күн / Спартакиада: IPhO Footbal Cup
19
IPHO-дағы тапсырмалар қиын болды - Сараево университетінің профессоры / Садык Акижанов, Қа...
19
ОАР-лық IРHO қатысушысы: Астана Қазақстанның табысты дамуын паш етеді / Марлан Жиембай, Қа...
19
Excursion at Nazarbayev University
18
6-шы күн / IРhO қатысушылары Бурабай курортына барды
18
Этномәдени бағдарлама
17
Astana is a fantastic city - IPhO President
17
5-ші күн / Олимпиаданың тәжірибелік туры
17
LEONID MARKOVICH, HEAD OF THE DELEGATION OF THE REPUBLIC OF BELARUS: ASTANA IS A YOUNG AND...
16
Астанада IРhO өте жоғары деңгейде өтуде - АҚШ командасының көшбасшысы / Марлан Жиембай, Қа...
16
ҚХР-дан келген делегат: Астанада өтіп жатқан олимпиада физика әлеміндегі жылдың басты оқиғ...
16
Қазақстан Халықаралық физика олимпиадасында үздiк 20 елдiң қатарына енудi жоспарлауда - А....
16
Қазақстандық оқушылардың қабілетіне таңданамын - Физикадан халықаралық олимпиада президент...
16
4-ші күн
16
Үшінші күн / Олимпиаданың теориялық туры
15
2-ші күн / Олимпиаданың салтанатты ашылуы
15
1-ші күн / Қатысушылардың келуі
Қаңтар
14
.