ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.
Ұннан жасалған тағамдар: Бауырсақ, Таба, Салма, Май шелпек, Қаттама
Дақылдардан жасалатын тағамдар: Талқан, Бидай көже, Тары, Жент, Майсөк, Бидай қуыру, Бөкпе
Сүт тағамдары: Айран, Қатық, Қойыртпақ, Шалап, Қымыз, Балқаймақ, Кілегей, Қаймақ, Құрт, Сүзбе, Уыз, Ірімшік, Сары май, Іркіт
Ет тағамдары: Қазақша ет, Қазы, Қарта, Жал, Жая, Шұжық, Сірне, Құйрық-бауыр, Қуырдақ және т.б.